Тараз әкімінің бұрынғы орынбасарын Грузиядан эксрадициялады
Грузияда ұсталған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.media.
Грузияның әділет Министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын орындады.
Экс-шенеунік заңсыздыққа барғаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған соң оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.
Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді. Қазіргі уақытта, ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, - деп жазылған прокуратура таратқан мәліметте.
Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін екені айтылып отыр.