Новости Казахстана21 февраля 2023, 20:48

Шымкентте көшедегі атыс кезінде оқ тиген күзетші саусағынан айырылды

Шымкентте қару-қара дүкеніне шабуыл жасаған азаматтың әрекетінен кейін көшеде болған атыс кезінде нысан күзетшісі саусағынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқыс оқиға кезінде жарақат алып, аурухана түскен дүкен күзетшісінің жағдайы туралы ақпарат белгілі болды. Ол атыстан кейін бірден аурухана жеткізілген.1971 жылы туған ер адамның жағдайы қазір қалыпты көрінеді. 

Сол қолдағы бірінші саусағының негізгі фалангасы деңгейінде ампутация жасалып, жараны бастапқы хирургиялық өңдеу жүргізілді. Жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деп бағаланды. Осыған байланысты ол тұрғылықты жері бойынша емханаға одан әрі амбулаторлық емдеуге жіберілді, - деді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сауран Әлдеков.

20 ақпан күні Шымкентте қару-жарақ дүкенінде шабуылда жасалғаны белгілі болды. Оқиға орнына күзет қызметкерлері дер кезінде жеткенімен, атыс болып, бір адам жарақат алған. Кейін шектен шыққан әрекетке барған адамның Шымкентте пәтер жалдап тұрып жатқан Өзбекстан азаматы екені анықталды. Ол атыс болған аумақтан қашып кетуге тырысқанымен, патрульдік полицейлер мен Тұран АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілі алысқа ұзатпай бірден ұстап алды. 

 

Атыс Шымкент полиция Өзбекстан

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!