Новости Казахстана20 февраля 2023, 22:40

Шымкентте қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған ер адам қолға түсті

Шымкент қаласында қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

20 ақпан күні күндізгі сағат 14:40 шамасында Шымкентте Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде шабуыл жасалғаны белгілі болды. Дабыл белгісінен кейін оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері дер кезінде жетті.

Күзетшілер мен белгісіз қарулы адам арасында атыс болып, нәтижесінде күзетшінің бірі жараланған. Қарулы адамды патрульдік полицейлер ұстау барысында оның Өзбекстан азаматы екенін анықталды.

Белгілі болғандай, ер адам Өзбекстаннан Шымкентке келіп, пәтер жалдап тұрған.  Одан тінту кезінде шолақ мылтық және ұрланған "Сайга" карабині тәркіленді.

Шымкент Атыс Қару-жарақ Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!