Шығыс Қазақстанда мұз астына түсіп кеткен көлікте бір әйел қайтыс болды
Мұз үстімен жүріп келе жатқан көлікте бес адам отырған. Алайда оқыстан мұз опырып сынғанда олардың тек төртеуі көліктен шығып үлгерді, деп хабарлайды arbat.media.
Қайғылы оқиға 6 желтоқсан күні кешкілік Самар ауданында болған. "Қызыл ту" өткелі маңында автокөлік су астына батып кетті. Соның салдарынан жолаушының бірі 72 жастағы зейнеткер ажал құшты. Облыстағы қайғылы жағдайдан кейін төтенше жағдайлар департаментінің мамандары халыққа ескерту жариялап отыр.
"Күн біртіндеп салқындап барады, бірақ бұл кезеңде мұз қалыңдығы әр жерде әрқилы деңгейде. Сондықтан өзен-көлдерідң бетіне қатқан мұз үстімен жүруге әлі ерте. Қар жиналған, қамыс өскен тұстар, жағалар ерекше қауіпті. Жеңіл көлікпен өту үшін қалыңдығы 30 см, жүк көлігін көтеру үшін кемі 70 см болуы керек, - деді ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мамандары.
ТЖД мамандары апат болған аумақта мұз үстімен жүруге тыйым салынатыны туралы белгі қойғанын мәлімдеді.