Новости Казахстана20 декабря 2022, 17:27

ШҚО мен Ақмола облысында өз отбасыларын қырып тастаған қос әке атылып өлді

Еліміздің екі өңірінде өз отбасын атып, артынан өзіне қол салған қос оқиға тіркелді. Жантүршігерлік оқиғаның бірі Шығыс Қазақстан болса, екіншісі Ақмола облысында орын алған, деп хабарлайды  arbat.media.

Қайғылы оқиғаның бірі 17 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында болған. Баласын мылтықпен атып өлтірген әкесі артынша өз-өзіне қол салды. Қабырға ауылындағы оқыс жағдайда қайтыс болған жігіт 29, ал әкесі 59 жаста болған.

Алдын ала болжам бойынша әкесі алдымен ұлын атып тастап, кейін өзін оққа байлаған. Ал мұндай қадамға не түрткі болғаны белгісіз.

Дәл осыған ұқсас оқиғаның Ақмола облысында болғанын  Polisia.kz мәлімдеді. Ақмола облысында отбасылық жанжал кезінде бірнеше адам қайтыс болды. 14 желтоқсанда болған қайғылы оқиға кезінде 60 жастағы ер адам әйелін атып, өзіне кедергі жасамақ болған ұлын соққыға жыққан көрінеді. Алайда полиция келгенше ол өзіне атып тастаған.

Полицияға марқұмның жараланған жұбайы айтқан мәлімет бойынша, сол күні отбасында ешқандай жанжал болмаған. Қазір аталған екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалуда.

Бұл жағдай соңғы он күн күн ішінде болған үшінші қайғылы оқиға. Бұған дейін Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 38 жастағы азамат үш баласын асып өлтіріп, соңынан өзіне қолға салған еді. 

өлім Ақмола облысы ШҚО суицид

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!