ШҚО-да жарылыстан күйік шалған екі адам қайтыс болды
Шығыс Қазақстан облысында өткен аптада газ құю стансасындағы жарылыстан күйіп қалған екі адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.media.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы денесін 100 пайыз дерлік күйік шалған екі адамның бақилық болғанын атады.
Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат бойы күресті. Өкінішке қарай, екеуін аман алып қалу мүмкін болмады, - деп жазылған басқарма таратқан ақпаратта.
Ал газ жарылысынан зардап шеккен ер адам мен әйелдің жағдайы қазір тәуір болған.
Қазір олардың жағдайы тұрақты. Пациенттерге бүкіл қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
22 маусымда ШҚО-дағы Шемонаиха қаласында газ құю стансасында болған жарылыс болған еді. Аталған төтенше жағдайдан 4 адам зардап шегіп, олардың ауруханаға жеткізілгені айтылды.