СІМ Оңтүстік Кореяда қамауда отырған қазақстандық қос азамат туралы пікір білдірді
Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Оңтүстік Кореядағы шекара бұзған қазақстандықтарға қатысы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Arbat.media.
Наурыз айында Өзбекстан арқылы Оңтүстік Корея республикасына барып, соңынан шектеулерге қарамастан шекара бұзған отандастарымыздың жайы туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров пікір білдірді.
2023 жылдың 24 наурызында Инчхон әуежайында паспорттық бақылау кезінде Ташкент қаласынан келген екі Қазақстан азаматына Оңтүстік Корея Республикасына кіруге шектеу қойылды. Депортацияны күту үшін олар арнайы бөлмеге орналастырылған. Алайда қос қазақстандық түнде қашып шығып, Оңтүстік Корея аумағына заңсыз кірді, - деді Смадияров.
Ресми өкіл бір қазақстандықтың 26 наурызда ұсталғанын, ал екіншісі араға үш күн уақыт салып өзі полицияға берілгенін атап өтті.
"Қазір қос отандасымыз Инчхонның көші-қон орталығындағы тергеу изоляторында қамауда. Оңтүстік Корея заңы бойынша тергеу амалдары 3 айға дейін созылуы мүмкін. Содан кейін іс прокуратураға беріледі. Осыған байланысты Кореяның құзырлы органдары тергеу мүддесі үшін істің мән-жай ашылмады. Олар елдің заңын бұзғанына байланысты сол елдің заңы бойынша жазаланады. Бұл жағдайда депортация туралы әңгіме болмайды. Бұл - шет мемлекеттің заңдарын өрескел бұзу. Қазір оларды елге қайтару мүмкін емес, - деді Смадияров.
Белгілі мәлімет бойынша Оңтүстік Кореяда шектен шыққан отандастарымыз елдің заңын үш рет бұзды деп айыпталған.
"Біріншісі - көші-қонды бақылау туралы заңнаманы бұзып, елге заңсыз кіріп отыр. Екіншісі - көші-қонды бақылау туралы заңнаманы бұзу, елде заңсыз болу. Үшіншісі – әуежай ғимараты мен оның нысандарына қатысты заңды бұзу, материалдық шығын, - деді Смадияров.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяға барып ел аумағына заңсыз кірген отандастарымыздың жайы туралы бірнеше рет жазылды. Кейін олар туралы полицияға нақты ақпарат берген адамға отыз миллион вон сыйақы берілетіні айтылды. Кейін қашып кеткен азаматтың бірі полицияға өзі келіп берілді.