Новости Казахстана28 марта 2023, 16:35

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен Қазақстан азаматы туралы ақпаратқа 30 млн вон сыйақы беріледі

Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған 30 000.000 миллион вон ақшалай сыйлық бермек, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Бірнеше күн бұрын Оңтүстік Кореяның Инчхон әуежайынан қашып кеткен азаматы біреуі алі табылмады. Нұрсұлтан Ырысбаев есімді Қазақстан азаматы қазіргі уақытта Ансан қаласында болуы мүмкін. 
 Осы азаматты табуға көмек берген адамға 30 000.000 миллион вон ақшалай сыйлық беріледі. Көмек берген адам заңсыз мигрант болса, оған Кореяның өзінде выза жасап береміз. Сонымен бірге, ақпарат берген адамның жеке басы сақтандырылады, - деп жазды әлеуметтік желідегі korea_komek парақшасы.

 Бұл сома теңгеге шаққанда 10 миллион теңге көлеміндегі қаржыға тең. Жария болған бейнежазба парақша иесі іздеу жүрген Қазақстан азаматының қасындағы адамдарға қорықпай байланысқа шығуын сұраған. 

Дерек бойынша Нұрсұлтан Ырысбаев Түркістан қаласының тумасы. Ол Инчхон халықаралық әуежайына кіруге тыйым салынғана қарамастан серігімен бірге әуежай сыртындағы қоршаудан асып, қашып кеткен. Қазіргі уақытта оны  полиция мен иммиграция органдары жіті іздеуде. 

Инчхон халықаралық әуежайының полиция департаменті мен Инчхон халықаралық әуежайының иммиграциялық кеңсесінің бұған дейінгі хабарламасына сәйкес, Н.Ырысбаев 24 наурыз күні таңғы сағат 4:20 шамасында сыртқы қоршаудан асып, әуежайдан қашып шыққан. Ол Инчхондағы Джунг-гу қаласындағы Инчхон халықаралық әуежайының төртінші ұшу-қону жолағының солтүстік бөлігі арқылы өтіп кеткен. 

Ол өзге қазақстандықтармен бірге Инчхон халықаралық әуежайы арқылы кірмек болған. Алайда оны Оңтүстік Кореяға кіргізбей қойған. Инчхон әуежайының сыртындағы тікенді сым орнатылғанына қарамастан олар қашып кетуіне кедергі жасай алмаған. 

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласының әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып шыққан еді. Кейін ол азаматтардың біреуі ұсталды. Белгілі болған ақпарат бойынша, екі адам қашып шыққан күйде қалаға кірмек болған. Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған. 2002 жылы туған Умижан Нарзуллаев Тэджон қаласындағы дүкенде тұтқындалды. Ал Нұрсұлтан Ырысбаевтың нақты қай жерде екенін анықтау мүмкін болмай отыр. Аталған жағдайға қатысты ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматының Оңтүстік Корея республикасына кіруіне заңды түрде тыйым салығанына қарамастан қайта барғанын атады. 

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Корея Жаңалықтары (@korea_komek)

 

Оңтүстік Корея Іздеу Сыйақы Қазақтар

Новости по теме