Санжар Тәшкенбайды "оқудан шығарды" деген ЖОО мәлімдеме жасады
Таяуда ғана Ташкентте әлем чемпионы атанған боксшы Санжар Тәшкенбайға қатысты Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.media.
Университеті тарапы белгілі боксшының оқудан өз еркімен шыққанын атады.
Әлеуметтік желіде Санжар Ташкенбайдың оқудан шығарылғандығы туралы ақпарат таратылуда. Ақпарат шындыққа жанаспайды. Санжар өзінің жеке өтінішімен оқудан шықты. Университет талантты студенттер мен түлектерді қолдайды! Біз барлық қазақстандықтар секілді Санжардың жеңісімен мақтанамыз және оған жаңа жетістіктер тілейміз! Санжардың өзі ниет білдірсе, университет белгіленген ережелер аясында оны қабылдауға дайын, - деп жазылған ЕҰУ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
30 сәуір мен 14 мамыр күндері аралығында Ташкентте бокстан әлем чемпионаты өткен болатын. Аталған сында қазақстандық 5 боксшы финалға шығып, оның төртеуі чемпион атанған еді.