Роман Скляр: 4% автонесие алғысы келетіндерге қаржы жетпей жатыр
Бірінші вице-министр Роман Скляр Қазақстандағы 4% жеңілдетілген автонесие бағдарламасы неге басталмай жатқаны туралы айтты. Оның айтуынша көлік алғысы келетіндер өте көп, ал оған бөлінген қаржы жеткіліксіз, деп хабарлайды Arbat.media.
Елімізде 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтап тұр. Бұған дейін ай сайын револьверлік жүйемен ашық ұйымдастырылады деген бағдарлама наурыз айында өтпеді.
Қайта қаржыландыру бойынша ұйымдастырылса ай сайын револьверлік негізде шамамен 400-500 автомобиль беруге болады. Ал сатып алғысы келетін 100 мыңнан астам адам бар. Сондықтан бұл мәселемен қазір Үкімет емес "Бәйтерек" холдингі айналысып жатыр. Әрі олар бұл қаражатты қалай пайдалану туралы түрлі нұсқаларды қарастыруда, - деді Роман Скляр.
Еске салайық, бұған дейін ақпан айында басталған бағдарлама 18 секундта-ақ аяқталғаны еді.