Қорғаныс министрі Тұрлыхановтың ұлының тәрбиесіндегі кемшілікті атады
Еліміздің қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Алматы облысындағы әскери горнизоннан қашып кеткен депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.
Министр депутаттың ұлы Нұрасыл Болаттың тәрбиесінде олқылық болғанын алға тартты.
Нұрасыл әскери бөлімнің бақылауында болған еді. Бірақ гаупвахтадан шығып, әскери бөлімге келе жатқанда өз еркімен кетіп қалғаны белгілі болды. Әскер жасөспірім қылмыскерлерді ұстайтын орын емес. Біздегі функция мүлде басқа. Бұл – тәрбиеден кеткен олқылық. Түсінесіз бе? Бұл туралы мен айтқанмын, - деді Руслан Жақсылықов үкіметте.
Қорғаныс министрі қашып кеткен депутаттың ұлының еркімен кетуіне оған жауапты болған әскери қызметкерлер міндетті түрде жазадан тыс қалмайды.
Оның әскери бөлімнен кетіп қалуына жол берген офицерлер тәртіптік жазаға тартылатын болады. Ал әскери қызметшіге қатысты жазаны сот анықтайды. Гауптвахтаға қамалуы мүмкін, - деді министр.