Новости Казахстана27 июня 2023, 18:45

"ҚазТрансГаз Аймақтың" Алматыда филиалына жарты миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының қызметіне 497,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Arbat.media.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының қызметіне жүргізілген тексеру барысында үстем және монополиялық жағдайды теріс пайдалану деректері анықталғаны белгілі болды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеп отыр. 

Мысалы, монополисттердің шарты бойынша, кәсіпкерлер, ғаздың пайдаланылмаған көлемі үшін газ құнының 10 пайызын заңсыз төлем келген. Осы ретте үстем және монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша жауаптылыққа тартылып 497,1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Бұдан бөлек, 2022 жылы табиғи монополия субъектісі, көрсететін қызметтер көлемінің өсуіне қарамастан компания 2023 жылға арналған тарифті төмендетпеген.  

Осыған орай, Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қадағалау актісімен, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап тауарлық газды тасымалдау тарифін 6 пайызға, 1000 м3 үшін 4 099,25 теңгеден 1000 м3 3 848,03 теңгеге дейін төмендету туралы бұйрық шығарды. 

Қабылданған шаралар Алматы қаласында 450 000 тұтынушының, оның ішінде 8 800 кәсіпкердің құқығын қорғап қалған көрінеді.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Филиал Алматы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!