Новости Казахстана7 июня 2023, 18:52

Қазақстандық бітімгершілер Ресейдегі шиеленіс аумағына бармайды - министр

Еліміздің Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан Қарулы күштері ҰҚШҰ-на мүше елдердің аумағына бармайтынын айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Мәжілісте мәселе туралы айтқан министр аталған ақпаратты жоққа шығарды. 

Қорғаныс министрі ретінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері еліміздің аумағында тұрғанынан толық сеніммен жариялаймын. Біз бітімгершілік миссияларын тек Біріккен Ұлттар Ұйымы бағытында ғана іске асырамыз. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері аумағына әскер жібермейміз және мұндай жоспар жоқ. Біз ешқайда бармаймыз, - деді Р. Жақсылықов.

Бұған дейін қазақстандық бітімгершілердің Украина мен Ресей шекарасындағы шиеленіс аумағына баруы мүмкін екені туралы сөз болған. Кейін министрлік өкілдері пікір білдіріп, бұл туралы мәселе қарастырмағанын жеткізді

Руслан Жақсылықов министр Ресей

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!