Новости Казахстана13 февраля 2023, 19:01

Қазақстанда білім ошақтарының қауіпсіздігі тексерілетін болды

Еліміздің оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы барлық орта мектептерде қауіпсіздікті тексеру жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавлдағы жантүршігерлік жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылатыны белглі болды. Сондай-ақ, еліміздегі барлық мектептерінде тексеру жұмыстары жүргізілетіні айтылды. 

Бұған дейін Петропал қаласындағы №4 орта мектепте 9-шы сынып оқушысы балаларға балтаман шабуыл жасаған болатын. Оқыс оқиға салдарынан үш адам дене жарақатын алып, оның екеуі ауруханаға жатқызылды.   

Кейін оқу ордасына суық қарумен келген келген 9 сынып оқушысының психиатриялық есепке алынғаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Петропавл Қауіпсіздік Мектеп Шабуыл

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!