Placeholder
Новости Казахстана13 февраля 2023, 16:17

Петропавлда мектеп оқушысы суық қарумен мектепте шабуыл жасады

13 ақпанда Петропавл қаласында №4 мектеп оқушысы балаларға балта мен пышақпен шабуыл жасады. Олардың арасында жараланғандар бар, деп хабарлайды Arbat.media.

9-сынып оқушысы білім ошағына балта мен пышақ әкеліп, басқа балаларға жарақаттауға оқталған . Оқыс оқиға кезінде үш бала жарақат алып, екеуі ауруханаға жеткізілді.  

Аталған ақпаратты қала әкімдігіде растады. Қазіргі уақытта мектепте тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 

Күдікті оқушыны полиция ұстап, "кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, кәмелетке толмаған бала психиатриялық есепте алынған көрінеді. 

Мектеп Қылмыс Петропавл Оқушы

Новости по теме