Қазақстан спортшыларына берілетін сыйақы мөлшері белгіленді
Спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарда жеңімпаз және жүлдегерлер атанған спортшылар мен олардың жеке жаттықтырушыларына берілетін сыйақы мөлшері алды заңды түрде бекітіледі, деп хабарлайды Arbat.media.
«Ашық» НҚА порталында Мәдениет және спорт министрінің бұйрық-жобасында жарияланды. Аталған құжатта көрсетілгендей жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында жеңіске жеткен және жүлде иеленген спортшыларға бұрынғыдай ірі көлемде ақшалай сыйақы берілу жалғасады.
1-орын – 250 000 доллар;
2-орын – 150 000 доллар;
3-орын – 75 000 доллар;
4-орын – 30 000 доллар;
5-орын – 10 000 доллар;
6-орын – 5 000 доллар.
Аталған көлемдегі қаржылай көтермелеу қазақстандық спортшылардың жеке бапкерлеріне де беріледі.
Ересектер арасында Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада спорт түрлерінен әлем чемпионы атанған және жүлде иеленген спортшыларға бір реттік сыйақы беріледі.
1-орын – 15 000 доллар;
2-орын – 7 000 доллар;
3-орын – 5 000 доллар.
Ең кемі 20 мемлекеттік спортшылары бақ сынаған сайыстарда жүлде алғандарға берілетін сыйақы көлемі:
1-орын – 2 300 доллар;
2-орын – 1 800 доллар;
3-орын – 1 100 доллар.
Жазғы, қысқы Азия ойындары, Азия Паралимпиадалық ойындарда жеңіске жеткен және жүлде иеленген спортшылар берілетін қаржылай сыақы көлемі:
1-орын – 10 000 доллар;
2-орын – 5 000 доллар;
3-орын – 3 000 доллар.
Жазғы, қысқы Дүниежүзілік универсиад ада жеңімпаз атанған және жүлде алған спортшылар сыйақысы:
1-орын – 15 000 доллар;
2-орын – 10 000 доллар;
3-орын – 5 000 доллар.
Жасөспірімдер арасындағы жазғы, қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы:
1-орын – 10 000 доллар;
2-орын – 5 000 доллар;
3-орын – 3 000 доллар.
Олимпиада, Паралимпиада спорт түрлері нен Азия чемпионатында жеңіске жеткен және жүлде иеленген спортшылар алатын сыйақы:
1-орын – 2 300 доллар;
2-орын – 1 400 доллар;
3-орын – 900 доллар.
Жастар арасында Олимпиада, Паралимпиада спорт түрлері нен Әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлде гер болған спортшыларға келесі көлемде сыйақы ұсынылады:
1-орын – 3 500 доллар;
2-орын – 2 300 доллар;
3-орын – 1 100 доллар.
Айта кетерлік бір жайт, олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнатқан спортшыларға да қаржылай сыйақы беріледі. Мәселен, мұндай жетістікке жеткен спортшыға мемлекет есебіне – 5 000 мың АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 3 000 доллар сыйақы табысталады.
Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы 24 сәуірге дейін талқылауға ұсынылған.