Қазақ дизайнер Айжан Рахымбайқызы АҚШ фестивалінде Маңғыстаудың атын шығарды
Дизайнер Айжан Рахымбайқызы Америкада Smithsonian folklife фольклор фестиваліне қатыстып, Маңғыстаудың жадағайын әлемге танытып қайтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Айжан Рахымбайқызы Америкада жыл сайынғы әр ұлттың мәдени салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, қолөнерін дәріптейтін Smithsonian folklife фольклор фестиваліне қатысып, жүннен тігілген Маңғыстау жадағайы мен ішігін таныстырды.
Бұл мәдени шара 1967 жылдан бері жыл сайын Вашингтонда ұйымдастырылады.
Фестивальға әр жылы АҚШ-тың 50 штатынан және 100-ден астам шетелден қонақ келеді.
Айжан Рахымбайқызы фестивальға «Маңғыстау мұнары» топтамасын апарған.
«Көкейімде жүрген арманым маңғыстаулықтардың ежелгі сырт киімі - түйе жүннен сырылған жадағайды заманға сай жаңғыртып, шетелге таныту еді. Әлемнің алпауыт елінің бірі АҚШ-та өтетін шарада көрсету мен үшін арманымның орындалғаны болды», - дейді Айжан Рахымбайқызы.