Новости Казахстана29 сентября 2023, 1:17

Қасым-Жомарт Тоқаев Euler Hermes агенттігінің басқарма мүшесі Эдна Шёнені қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Euler Hermes агенттігінің басқарма мүшесі Эдна Шёнені қабылдады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кездесуде экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, соның ішінде қаржылық сақтандыру саласында бірлескен жобаларды әзірлеу, тәжірибе алмасу және оқу бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Мемлекет басшысы Euler Hermes агенттігінің Қазақстан үшін маңызды серіктес екеніне назар аударды. Компания кредитті сақтандыру ісінде жаһандық көшбасшы саналады және кешенді қаржылық шешімдер жасайтын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі – Allianz Group тобының құрамына кіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан даму банкі мен Helaba банкі арасында Қаржылық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны жөнінде мәлімет берілді. Аталған келісімге сәйкес AltynAlmas Reagents компаниясының цианид натрий өндіретін химиялық зауытының құрылысына 100 миллион евроға дейін қаржы бөлу қарастырылған.

Германия Тоқаев Кездесу Эдна Шёне

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!