Новости Казахстана26 апреля 2023, 19:48

Қарағандыда “АрселорМитталТеміртау” АҚ заңгерінің өліміне кінәлі күдіктілер ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері “АрселорМитталТеміртау” АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары, 52 жастағы азаматпен 44 жастағы азаматша анықталып ұсталды. Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған болатын. Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабына “Адам өлтіру” сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Қарағанды облысы “АрселорМитталТеміртау” АҚ Заңгер өлім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!