Новости Казахстана5 апреля 2023, 12:10

Қаңтар оқиғасында шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге өтемақы төленді

Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде  шығынға батқан кәсіпкерлерге 100 миллион теңге төленді, деп хабарлайды  Arbat.media.

Қаңтар оқиғасы кезінде тонау жағдайларынан зардап шеккен кәсіпкерлер 100 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынның көлемін толтыра алмай жүрген. Осының аясында олар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келген шығынды анықтау жөніндегі өңірлік комиссияға жүгініп, нәтижесінде өтінімдері қабылданған. 

Осы ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласуымен мүдделі тараппен кездесу ұйымдастырылғаны белгілі болды. 

Шағын және орта бизнестің кәсіпкерлері Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына әкімшілік кедергілер бойынша шағым түсірді. Кесдесу нәтижесі бойынша кәсіпкерлерге қаңтардағы шығын толықтай өтелді. Кәсіпкерлердің заңды құқықтары қорғалды,- деп жазылған Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

 Arbat.media Қаңтар оқиғасы кезінде Жетісу облысында жоғалған қарудың бір легі табылғаны туралы жазды. Кейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қайғылы оқиғадан соң полиция қызметкерлерінің еңбекақысы екі есеге өскенін мәлімдеді

Қаңтар оқиғасы Алматы облысы Кәсіпкерлер Шығын

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!