Placeholder
Новости Казахстана5 января 2023, 20:28

"Қаңтар оқиғасынан кейін полицияның еңбекақысы екі есеге өсті" - Марат Ахметжанов

Қаңтар оқиғасынан кейін ішкі істер министрлігі қару қолдану бойынша қандай заңдық шешім қабылдағанын министр Марат Ахметжанов Мәжілісте баяндады, деп хабарлайды arbat.media.

2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде полиция қызметкерлеріне қатысты көптеген сын айтылған. Олардың өз жұмысын толық атқармағанымен қатар, халыққа қару қолданғаны қоғам наразылығын тудырған. 

Қаңтар оқиғасы бойынша ІІМ үлкен қорытынды жасады. Қандай кемшіліктер, олардың себебі неден болғанын анықтадық. Президент жарлығы бойынша бюрократиядан арылу мәселесі бойынша біраз жұмыс атқарылды. Оның ішінде жауапкершілікті арттыру, әсіресе басшыларды қамтыдық. Құқықтық нормантивтік актілер, қару қолданудың өзінде біраз сатылар бойынша келісім алу керек. Сондықтан тікелей заңның нормалары бола тұра, сондай бюрократиялық біраз бұйрықтар бар. Солардың бәрін жоққа шығармай, өзгертулерді бастадық. Басқа құқық қорғау органдарымен қарым қатынасты нығайтып, бір-бірімізді қайталамай, әркім өз міндетін дұрыс атқарғанда ғана тәртіп болады деп ойлаймыз. Полицияның міндеті - қоғамдық тәртіпті сақтау, адамдардың қауіпсіздігін қамту. Қаңтар оқиғасы кезінде стратегиялық нысандардарды күзету мәселесі, тағы басқа мәселелер полицияға жүктелді. Олар қамалып қалған кезде өз міндеттерін толық атқара алмай қалды. Қазір ол алгоритм өзгерді. Шілде айында төтенше жағдай туралы заңға енген түзетілер енгізіліп, дағдарыстық жағдайларға ден қою қайта жасалды, - Марат Ахметжанов. 

Ішкі істер министрі полиция қызметкерлерінің ішкі жауынгерлік рухын қалыптастыруда бірқатар жұмыстар атқарылуы қажет екендігін атады. Айтуынша, былтыр ішкі істер саласында қызмет ететіндердің айлыө еңбекақысы екі есеге дейін ұлғайтылған.

Ең бастысы, біздің қызметкерлердің жауынгерлік рухын көтеруіміз керек. Бастамамыздың бірі - біраз жылда бойы полицияның еңбекақысы басқа органдарға қарағанда екі есе төмен болды. Тұрақтылықтың кәсіби деңгейі, адамгершілігі мол, заман талабы сай азаматарды дайындау үшін таңдау мүмкіндігі болған жоқ. 1 қаңтардан бастап жергілікті өзгерістер енгізілді. Кезектен тыс жұмысқа шыққандарға қосымша ақы төленеді. Кейінгі уақытта біз 3 мың адамды жұмысқа қабылдадық. Олар міндетін сапалы, адал атқарады деп сенеміз, - деді Марат Ахметжанов. 

 

 

Марат Ахметжанов ІІМ полиция Қоғам

Новости по теме