Новости Казахстана4 июля 2023, 20:13

Қаңтар оқиғасында ҚазҰУ ректорының ұлын атқан әскери сотталып кетті

Алматы гарнизонының әскери соты Серікбол Мұратханды ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіттің өліміне кінәлі деп тауып, үкім шығарды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қаңтар оқиғасы кезінде әскери қызметкер "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша былтыр айыпталған еді. Сот үкімімен айыпталушы 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Қайғылы жайт қаңтар оқиғасы кезінде болған. Елнар Қансейіт 2022 жылы 6 қаңтарда Алматыдағы Фурманов және Сәтпаев көшелерінің қиылысында оққа ұшқан болатын. Әскерилер оның көлігіне тоқтаусыз оқ жаудырғаны анықталды. 

Сотталушы Серікбол Мұратхан Талдықорған қаласындағы N18/404 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Оған ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша айып тағылған.

Елнар Қансейіт Қаңтар оқиғасы Үкім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!