Placeholder
Новости Казахстана30 июня 2023, 21:50

Түймебаевтың қаңтар оқиғасында оққа ұшқан ұлына қатысты сот отырысы басталды

Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қайтыс болған ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейітке қатысты соты басталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Кісі өліміне Талдықорған қаласының десанттық-шабуылдаушы бригадасының 33 жастағы офицері Серікбол Мұратханов айыпталып отыр. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнардың өліміне кінәлі деп танылған. Оған "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылды.

Елнар Қансейіт 2022 жылы 6 қаңтарда Алматыдағы Фурманов және Сәтпаев көшелерінің қиылысында оққа ұшқан болатын. Әскерилер оның көлігіне тоқтаусыз оқ жаудырған. 

Сотталушының жұмыс орнында оң мінездемесі, бұрын сотталмағаны, психо-наркологиялық диспансерде есепте тұрмағаны, асырауында кішкентай балалары бар екенін, бірақ сонымен бірге оның кінәсінің бұлтартпас фактілері бар екенін ескере отырып, оны жеті жылға бас бостандығынан айыруыңызды сұраймын, - деді прокурор Әсет Жетібаев.

Серікбол Мұратхан Талдықорған қаласындағы N18/404 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Оған ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша айып тағылған.

 

Жансейіт Түймебаев Қаңтар оқиғасы сот

Новости по теме