Қайтыс болған сенатор Гүлмира Кәрімованың орнына қайтадан сайлау қашан өтетіні айтылды
Орталық сайлау комиссиясы қайтыс болған сенатор Гүлмира Кәрімованың босаған орнына жаңадан сайлау рәсімі қалай өтетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды Arbat.media
Қаза болуына байланысты Сенат депутатының өкілеттігі тоқтағаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы 2 айдың ішінде шығып қалған депутаттың орнына өңірде сайлау өткізуі тиіс. Мәслихаттың таратылып, таңдаушылардың болмауына байланысты сайлаудың өзін тағайындау мәслихаттардың жаңа құрамы сайланғаннан кейін ғана мүмкін болады. Яғни, 19 наурыздан кейін ғана. Бұл 2 айдың ішінде сайлаудың тағайындалуы қажеттігі туралы заң нормасына қайшы келмейді», - деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.
Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Марқұмның қазасының себебін алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз деп болжанып отыр.
Белгілі педагог Гүлмира Кәрімова 1998 жылдан бері білім беру саласында еңбек еткен. Ол елімізде соңғы қоңырау шарасын 1 маусымға ауыстыруға қатысты бастаманы қолға алған болатын.