Полиция Ақтауда үш баласын өлтірген әкені ұстады
Ақтауда 27 шағын аудандағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден зорлық белгілері бар үш жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.media
Тексеру барысында полицейлер 2011, 2014 және 2016 жылы туған балаларды өлтірді деген күдікпені 36 жастағы әкесін ұстады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктінің мұндай озбырлыққа неліктен баруының себебі әзірге айтылмады.
Желтоқсан айында Маңғыстау облысында үш баласын асып өлтіріп, соңынан өзіне қол салған оқиға тіркелген болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в