Петропавлда клиникалық өлімнен тірілген еркекті ауруханаға жеткізді
Петропавлда жедел жәрдем фельдшерлері клиникалық өлімге ұшыраған адамды құтқару үшін жарты сағатқа жуық жанталасып күресіп, ақыры оның жанын аман алып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кешкі 19:52 минутта шақырған, жедел жәрдем бригадасы жылдам жетіп, үйіне келгенде науқас ес-түссіз жатқан соң, оған клиникалық өлім диагнозын қойыпты – дейді СҚО жедел медициналық көмек көрсету орталығының директоры Юрий Белоног.
31 жастағы ағамды 220 Вт тоқ соққан, жедел жәрдем келгенше 8 минут жаттты дейді қарындасы.
«Тоқ соққанда, ең алдымен, қауіпсіздікті сақтап, тоқтан ажыратылғанын тексеру керек. Сосын жылдам реанимациясын жасайды. Бұл жолы реанимацияның төртінші кезеңінде ғана науқастың беті бері қарады», - дейді Юрий Белоног.
Медицина қызметкерлері клиникалық өлімнен кейін тірілген еркекті сағат 20:23-те Петропавл көпбейінді ауруханасына жеткізген.