Өскемендед қарулы топты бірнеше мүшесі ұсталды
ҰҚК Өскемен қаласының ішкі істер органдарымен бірге өзара текетіресте жүрген екі қылмыстық топтың жоспарлап отырған кездесулерінің жолын кесті, деп хабарлайды Arbat.media.
Операция кезінде қала кафелерінің бірінде 20-дан аса қылмыстық топ қатысушылары ұсталған. Олардың кейбіреулері бұл жерге қаруларымен келген көрінеді.
Тексеру кезінде күдіктілерден 2 «Макаров» тапаншасы, жарақаттаушы тапанша, мылтық, «тегіс ұңғылы шолақ мылтық», дауыс-жарқылды граната және 2 бірлік суық қару тәркіленген.
Сондай-ақ, Катон-Қарағай ауданының аумағында кәсіпкерді аса ірі мөлшерде бопсалаған осы қылмыстық топтың қатысушылары да құрықталды.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Поделиться
Читать Arbat media в