Оңтүстік Кореяда қазақтарды жұмыстан босатып жатыр
Оңтүстік Кореяда таяуда екі қазақстандықтың Инчхон әуежайынан қашып кеткенінен кейін өзге қазақтарды жұмыстар босатып жатыр, деп хабарлайды Arbat.media Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бір апта бұрын Инчхон әуежайында Түркістан қаласының қос тұрғыны қашып кеткен болатын. Осыдан кейін Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарын жұмыстан босатқан жағдайлар тіркелді.
Бұл жастарымыздың жасаған қылмыстары Кореяда қоғамдық резонанс тудырды. Екі күннің ішінде 23 отандасымызды қазақстандық болғаны үшін завот басшылары жұмыстан шығарып жіберген. Бұл тұралы отандастарымыз @korea_komek ватсап желісіне хабарлады», - деп жазды @korea_komek парақшасы.
Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып кеткеннен кейін олардың біреуі дереу ұсталып, екіншісі біразға дейін полиция қолына түспеді.
Осыдан кейін еліміздің СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз кіріп кеткен отандасымызға іздеу жарияланғанын атады.
Оңтүстік Корея билігі іздеудегі қазақстандықты ұстап берген адамға 10 млн теңге сыйақы берілетінін жариялады.
Алайда 29 наурызда Нұрсұлтан Ырысбаевтың полицияға өз еркімен келгені жария болды.