Новости Казахстана29 марта 2023, 14:43

Оңтүстік Корея әуежайында қашып кеткен Қазақстан азаматы полицияға өзі берілді

Бірнеше күн бұрын Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы әуежайда қашып кеткен Қазақстан азаматы полиция өзі берілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Шекараны заңсыз кесіп өткен отандасымыз Оңтүстік Кореяда өз еркімен полицияға келді. Бұл туралы СІМ ресми өкілі мәлімдеді. 

Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде жүрген Қазақстанның азаматы өз еркімен корей полициясына келді. ҚР елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды және барлық қажетті консулдықты-отандастарымызға құқықтық көмек көрсетеді, - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оңтүстік Кореяның Сеул қалалық ұлттық жол қозғалысы бөлімі сол елдегі қазақстандықтарға үндеу жолдап, Нұрсұлтан Ырысбаев табылмаған жағдайда заңсыз жүрген мигранттарға қысым көрсетілетінін хабарлады. Іздеуде жүрген отандасымыз 2005 жылы Түркістан қаласында туған. Бұдан бөлек, жаңадан Оңтүстік Кореяға келетіндерге елге кіру тартыбы қатаңдатылатындығы да айтылды. 

25 наурыз күні екі отандасымыз Инчхон әуежайындағы биіктігі 3.6 мет қоршаудан асып қашып кеткен болатын. Кейін олардың бір Тэджона қаласында ұсталды. Осыдан кейін Оңтүстік Кореяның барлық жолдарында күшейтілген рейд басталды. 

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда іздеуде жүрген Түркістан облысының тумасы туралы ақпарат тараған еді. Ол корей еліне тыйым салынғанына қарамастан шекараны кесіп өтіп, қашып кеткен еді. Кейін аталған елдің полициясы Нұрсұлтан Ырысбаев туралы нақты ақпарат берген адамға ірі сомада ақшалай сыйақы төлейтінін жария етті. 

  

Оңтүстік Корея Іздеу Қазақстан азаматы Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!