"ӨКМ Операторының" құрылтайшысы Дубайда ұсталды
"ӨКМ Операторы" бойынша іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын.
Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алынған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асырып жатыр.
Бұған дейін "ӨКМ Операторы" бойынша бірнеше басшысы 7 жылға сотталған болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в