Новости Казахстана3 июля 2023, 21:41

"ӨКМ операторының" басшылары қомақты қаржыны жымқырғаны үшін сотталып кетті

Өткен жылы айыпты деп танылған "ӨКМ Операторының" басшылары аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін сотталдыдеп хабарлайды Arbat.media.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ӨКМ-нің үш басшысы 2016 жылдан бастап экологияның бұрынғы вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың (бұрынғы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы) қолдауымен бірнеше рет аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағанын анықтаған. 

Бұдан бөлек, экология вице-министрі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, кабельдік өнімдерді өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерін енгізген заңсыз бұйрыққа қол қойғаны белгілі болды. Соның салдарынан 325 млн теңгеден астам залал келтірілген көрінеді. 

Осы кезеңдерде "ӨКМ Операторы" басшылары бұрынғы вице-министрдің көмегімен компанияның шотындағы 180 млрд теңгені ұрламақ болғаны айтылды. Айыпталушылар Қазақстан аумағында алты қоқыс өртейтін зауыт салу кезінде ұрлық жасауды жоспарлаған. Тексеру барысында екі басшының (біреуіне іздеу жарияланған) 920 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны толық дәлелденіп отыр. 

Осы істер бойынша сот үкімімен Светлана Коротенко мер Медет Құмарғалиев 7 жылға сотталды. Ал Ахметжан Пірімқұлов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылып отыр. Бұдан өзге Рустем Темірбек 2 жылға сотталды. Алайда рақымшылыққа байланысты бұл мерзім екі есе қысқартылған. 

"ӨКМ Операторы" ЖШС Соттау Сот үкімі

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!