"ӨКМ Операторы" ЖШС қатысты сотта адвокат судьяны ауыстыруды сұрады
"ӨКМ Операторы" ЖШС-ге қатысты қылмыстық істі қарап жатқан судьяны ауыстыруды Рустам Темірбектің қорғаушысыталап етті, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстан бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі болған "ӨКМ Операторы" ЖШС-на қатысты сот отырысында айыпталушының бірінің қорғаушысы судьяны ауыстыруды сұрады.
Р.Темірбекті айыптаудың үш эпизоды бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату және тергеушінің өтініштерде баяндалған Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 31-тарауының талаптарын орындамауы мәселелері жөніндегі дәлелдерінің ешқайсысы тексерілмеген. Сот оны өз қаулысында теріске де шығармаған. Бұл қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына қайшы және бұл істі алдын ала тыңдау кезіндегі жүйелі тексерістің болмағанын көрсетеді, - деді адвокат Шолпан Сәрсенова сот отырсында.
Оның сөзінше, прокурор мен сот айыпталушының шағымын қарамаған. Бұл ретте қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптары орындалмай отырған көрінеді.
Ол сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында айыпталушылар қылмыстық іске қатысты материалдарымен де таныспағанын атады. Бірақ сот бұл іске қатысты басқа судья тағайындау туралы адвокат өтінішін қанағаттандырмай тастады.
Бұған дейінгі сот отырыстарының бірінде аталған іске қатысты айыпталушының қорғаушылары Әлия Назарбаеваны жауап алуға шақыруды ұсынған болатын.