Назарбаевтың АҚШ шенеуніктеріне тарту еткен сыйлықтары белгілі болды
Еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктерніне тарту еткен сыйлықтарының құны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Protengekz телеграм-арнасында жарияланды. Келтірілген деректерде Назарбаевтың елімізде елші болған Джон Ордвейге құны қымбат сағат сыйлағаны айтылады.
АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Джон Ордвейге бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев құны 9 мың 995 доллар (шамамен қазіргі бағаммен 4 миллион 500 мың теңге) тұратын Blancpain сағатын сыйға тартқан. Құнды сағатты Америка хаттамасының бас кеңсесі Астанадағы елшіліктен дипломатиялық пошта арқылы алған. Бізге бұл туралы мәлім, себебі АҚШ-та шенеуніктер мен президент шетелдік сыйлықтарды, тіпті олардың бағасы 5 доллар болса да, жариялап, мемлекеттік мұрағатқа тапсыруы керек, әйтпесе сыйлық пара болып саналады. Егер алған затты қатты ұнатса, америкалықтардың оны сатып алу мүмкіндігі бар, бірақ олар мұны өте сирек жасайды", – деп жазылған Protengekz телеграм-арнасында.
Дереккөз атап өткендей, біздің елімізде мұндай тәжірибе кездеспейді.
20 жылдың ішінде біз АҚШ-қа 101 995 доллар немесе 45 миллион теңгеден астам сомаға сыйлық жасаппыз. Қазақстанның атынан ең қымбат сыйлықты Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейниге жасаған. Ол 2006 жылы мамырда 25 мың 300 доллар (шамамен қазіргі бағаммен 11 миллион теңгеден асады) тұратын Breguet сағатын сыйлаған. Ол уақытта Дик Чейни Қазақстанға келген еді. Жоғары лауазымды шенеунік энергетика мәселелерін талқылап, Ресейді айналып өтетін Каспий теңізінің түбімен газ құбырын тарту туралы айтуы керек еді. Бірақ, бізге белгілі болғандай, бұл жұмыс әңгімеден әрі аспаған, – деп жазылған жазбада.
Оқи отырыңыздар:
- Қаңтар оқиғасында алаңдағы халық арасында салафиттік топтар болған - Құлекеев
- "Шапырашты" операциясы: Назарбаев инфаркт алғаннан кейін қаңтар оқиғасы басталды" - Жақсыбек Құлекеев
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың қорғайтын заң бұған дейін күшін жойған болатын. Сонымен бірге, қаңтар оқиғасы кезінде экс-президенттің Алматыдан Қырғызстан көлікпен кеткені айтылды. Ал туыстары оқиға кезінде қалай бас сауғалағаны туралы Жақсыбек Құлекеев "Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" кітабында жазған болатын.