НАSА-ның ғарыш кемесі Айға ұшқаннан кейін бірнеше күнде жерде оралды
НАSА-ның ғарыш кемесі Айда 26 күнге жуық уақыт ұшқаннан кейін жерге оралды. «Орион» қону капсуласы Тынық мұхитының Мексика жағалауының Гуадалупе аралына жақын маңға келіп қонды деп хабарлайды arbat.media.
Жер атмосферасына таяған уақытта "Орион" қызмет модулінен бөлініп кеткен. Қону аймағында оны АҚШ Әскери-теңіз күштерінің "Портленд" кемесі күтіп алды.
"Орион" - 21 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Айды айналып өтіп, оның бетіне шамамен 130 шақырым қашықтыққа жақындаған.
Сонымен қатар, ол айдың айналасындағы алыс орбитада алты күн болды. Оның бетіне дейінгі қашықтық шамамен 85 мың шақырымды құрайды. Кеменің осы орбитада болуы аппараттың мүмкіндіктерін бағалауға және оның жүйелерін жерден алыс қашықтықта сынауға мүмкіндік берген көрінеді.
"Орионның" бұл жолғу ұшуы сынақтан сәтті өткен. Алда "Орионның" ғарышкерлермен ұшуы 2024 жылдың соңында жүзеге асуы тиіс. Бұл бағдарлама бойынша 2025 немесе 2026 жылдары Айға қайта қонуды жоспарлап отыр.
Адам баласы соңғы рет 50 жыл бұрын Айға сапар шеккен болатын. Бұл америкалық "Аполлон 17" экипажы еді.
Ғарыш аппараттарын алыс қашықтықтағы экспедициялардан қайтару оңайға соқпайды. Олар жер атмосферасына шамамен 40 000 км/сағ жылдамдықпен ұшады. Сондықтан кеменің атмосфералық қабаттарда құлап кетуіне жол бермес үшін өте берік жылу қалқаны қажет: оның терісінің температурасы 3000°C-қа жетеді.
Орионның қорғаныс қабаты-бұл жаңа дизайн және NASA болашақ миссияларда ғарышкерлердің өміріне қауіп төндірмеу үшін оның тиімділігіне көз жеткізуі керек еді.