Мұхамеджан Тазабек Мұхтар Тайжан мен Арман Шораевпен Мәжіліс сайлауында бір мандатқа таласуы мүмкін
Алдағы Мәжіліс сайлауында бір округтен сайлауға мажоритарлық жүйе бойынша Арман Шораев пен Мұхамеджан Тазабеков депутаттыққа түсуі мүмкін. Бұл орайда қаңтар оқиғасынан кейін Түркияға кетіп қалған Бекболат Тілеуханның Қазақстанға келуі осы жағдайға байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.media.
Соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желі қолданушылары экс-депутат Бекболат Тілеухан мен "Тәлім тв" арнасының бұрынғы директоры Мұхамеджан Тазабековтің Түркиядан Қазақстанға қайта оралғанын жарыса жазып жатыр. Ораз Әлімбеков есімді қолданушы қаңтар оқиғасына дейін, екіншісі одан кейін Түркияға жылыстап кеткен қос тұлғаның елге оралуында саясат барын бірнеше деректерді келтіре отырып талдап берді.
Мүфтият ішінде жүрген құпия дереккөздің (лақап аты "Сахаба") айтуынша, Мұхамеджан Тазабеков Мәжіліс сайлауының додасына қатысады. Ол "украиншіл" Арман Шораев немесе "батысшыл" көзқарастағы Мұхтар Тайжан түсетін бір мандатты сайлау округіне тіркеліп, күшті бәсеке туғызады, - деп жазды Ораз Әлімбеков.
Автор дереккөздің Бекболат Тілеухан жөнінде кесімді ештеңе айтпағанын атады.
Қазір ол діндарларға сырын шашпайтын біртоға, тұйық адам болып алған. Мүмкін Тілеухан өзінің жақын туысы Тазабековті сайлауда қолдау үшін келген шығар» деді «Сахаба».
Сондай-ақ, ол Шораевтің жақтастары үшін "командасы мықты, әнші-биші, діндарлар ұйып тыңдайтын" Тазабековті жеңіп кеткені жақсы жетістік, мәртебе болып көрінетінін, танымал Тазабековті жеңіп кеткенін місе тұтып, соған масаттану мүмкіндігін де алға тартқан.
Екінші сценарий бойынша, Шораев жеңіледі, Тазабеков жеңіп Мәжіліс депутаты болады. Ол бұған дейін өзінің матруди ақидасына, Ханафи мазхабына қайта оралғанын мәлімдеп, өзін тура жолға салғаны үшін Бас мүфти Наурызбай Өтпеновке алғысын білдірген. Оның сайлауалды үгіт насихатының тақырыбы ЛГБТ-ға тыйым салу, "іріп-шіріген" батыс идеологиясынан бас тартып, ұлттық дәстүрге қайта оралу" болуы мүмкін, - деп отыр Ораз Әлімбеков.
Автор осында пікірлерді айта келе, Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабеков сайлауда жеңіліп, депутат болмаса да, ұтылмайтынын мысалға алады.
Поделиться
Читать Arbat media в