Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесінің басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Arbat.media.
Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын! – деп жазды Президент Twitter парақшасында.
Бүгін елімізде Амал мерекесі тойланып, адамдар бір-бірімен көріседі. Аталған мереке әуелден Қазақстанның батыс өңірлерінде кеңінен аталып өтеді. Кейін өзге де өңірлерде үзілмес үрдіске айналды. Халқымыздың дәстүрінде бұл күні қыстан аман шыққан жұрт бір-бірін құттықтайды.
Поделиться
Читать Arbat media в