Мемлекет басшысы Иран президенті Ибрахим Раисимен кездесті
Мемлекет басшысы Иран президенті Ибрахим Раисимен кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Президент Қазақстанның Каспий теңізі аймағындағы стратегиялық серіктесі ретінде Иранмен екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға баса мән беретінін айтты.
Келіссөз барысында екі ел басшылары қазақ-иран ынтымақтастығының қазіргі жай-күйін және өзара қатынастарды одан әрі дамыту перспективасын талқылады.
Тараптар көлік, логистика және сауда-саттық салаларындағы ықпалдастықты арттыру үшін кешенді шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтті.
Поделиться
Читать Arbat media в