Мас әйел-жүргізуші тұрақтағы көліктерді соқты
Өскемен қаласында ішімдік ішіп алып көлік жүргіген әйел тұрақтағы төрт бірдей көлікті соқты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Есенберлин даңғылында мас күйде ВАЗ 21703 көлігіндегі 28 жастағы әйел тұрақта тұрған төрт көлікті соқты, - деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік айдауға құқығы да жоқ болып шықты. Ешкім зардап шекпеді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 6-бөлігі бойынша (көлік құралын алкоголь, есірткі және (немесе) уытқұмар масаң күйде басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылды.
Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Поделиться
Читать Arbat media в