Новости Казахстана16 июня 2023, 22:12

Марат Тәжин Чехиядағы елші қызметінен босатылды

16 маусымда президент Жарлығымен Чехия республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжин қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, - деп жазылған Жарлықта. 

Чехиядағы елші қызметіне бұған дейін Қазақстан республикасының Корея республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болған Бақыт Дүйсенбаев тағайындалды. 

Марат Тәжин Елші Чехия

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!