Новости Казахстана30 июня 2023, 13:01

Маңғыстаулық екі азаматтан жүз келіге жуық бекіре тәркіленді

Маңғыстау облысында заңсыз балық аулауды кәсіп еткен топ ұсталып, полиция олардан 94 келі бекіре тәркіледі, деп хабарлайды Arbat.media.

Өңірдің ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында ақ түсті Volvo ХС90 автокөлігі тоқтатып, жүк салғышынан 94 келі 600 грамм болатын 17 дана заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балық тәркілегені белгілі болды

Заңсыздыққа барған 24 және 25 жастағы күдіктілер ұсталып, оларға қатысты іс ҚК 339-бабы бойынша ПД сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Ал олардан тәркіленген бекірелер “Kazakh Osseter” ЖШС мекемесіне тапсырылды. Ал бұдан өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіні мәлім болып отыр. 

Бірер күн бұрын Атырау облысында 100 келі бекіре тиеген 27 жастағы азамат ұсталған еді. 

Бекіре Маңғыстау облысы полиция

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!