Placeholder
Новости Казахстана29 июня 2023, 14:56

Атырау тұрғыны жүз келі бекіремен полицияға ұсталды

Атыраулық полицейлер 100 келіге жуық бекіре балықтарын заңсыз тасымалдаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Arbat.media.

Өңірдің ПД мәліметінше, 21 маусым күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ғаббас Берғалиев көшесі бойында орналасқан ғимараттың алдында бекіре тұқымдас балықтарды тасымалдау кезінде 1996 ж.т. қала тұрғынының басқаруындағы Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылған. 

Тінту кезінде көліктің артқы салонынан салмағы 99,9 келіні құрайтын 4 полиэтилен пакеттегі 29 дана бекіре тұқымдас балықтары табылған. Аталған өнімдер тәркіленіп, қылмыстық іске ашылды.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚК-тің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Полиция тарапы бұдан өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайтынын айтып отыр. 

Бекіре Атырау облысы полиция

Новости по теме