Маңғыстауда жалған дипломмен білім берген колледж оқытушылары анықталды
Маңғыстау облысының колледждерінде жалған дипломдармен жұмыс қызметкерлерді анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Тексеру кезінде жалған құжатты пайдаланудың 8 дерегі анықталып отыр. Оның ішінде Ақтау колледждерінде – 5 оқытушы, Қарақия ауданында – 3 оқытушы жұмыс істегені белгілі болды.
Прокурорлар барлық деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап материалдарды одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін полиция органдарына жолдағанын мәлімдеді.
Мәселен, 2 жыл бойы Қарақия кәсіптік колледжінде жалған дипломмен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқытушының жұмысын атқарған.
Қарақия ауданының соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша 30 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындаумен қылмыстық жауапкершілікке тартты. Осы тектес құқық бұзушылық үшін аталған сот сол колледждің басқа екі оқытушысына қатысты үкім шығарды, олар жұмыстан босатылған. Төрт эпизод бойынша полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген қылмыстық істері рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды. Тек бір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп жазылған Бас прокуратура таратқан ақпаратта.
Өткен жылы прокуратура ұқсас деректер бойынша 14 қылмыстық іс тіркеген және осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып жатқанын атады.