Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалын жолдама алды
Қазақстандық Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Arbat.media.
Жартылай финалда Елена Рыбакина Джессика Пегуладан 2:0 есебімен басым түсті. Аталған кездесуге дейін отандасымыз АҚШ теннисшімен екі рет ойын өткізіп, барлығында есе жіберген еді.
Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық теннисші екі сетте 7:6, 6:4 есебімен басымдық танытты.
Турнирдің финалында Елена Рыбакина чехиялық Петра Квитова мен румыниялық Сорана Кырстя жұбының жеңімпазымен бақ сынасады.
Бұдан бірнеше күнде бұрын қазақстандық теннисші Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды.
Поделиться
Читать Arbat media в