Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Arbat.media.
Отандасысымыз АҚШ-тағы турнирдің финалында Беларусь спортшысы, әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенкомен шеберлік байқасты.
Тартысты матчта Е.Рыбакина есе жібермей, жеңіске қол жеткізді. Екі сетте де басым түскен отандасымыз 2:0 (7:6, 6:4) алға шығып, Аустралия ашық чемпионатының финалында кеткен есесін қайтара алды.
Айтулы турнирдегі жеңісі үшін Рыбакина 1000 ұпай еншілеп, әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтеріледі. Сонымен бірге, $ 1,2 млн көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Соболенко болса өз кезегінде 650 рейтингтік ұпайға қол жеткізіп, $ 662 мың доллар алды.
Бұған дейін Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасынан басым түскенін болатын.