Новости Казахстана2 июня 2023, 13:25

Елена Рыбакина болашақта бокспен айналуым мүмкін екенін атады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алда бокс қолғабын киюі мүмкін екенін жасырмады, деп хабарлайды Arbat.media.

Ролан Гаррос турниріндегі екінші жеңісінен кейін әлемнің 4-ші ракеткасы ойын туралы пікір білдірді. Ол чехиялық Линда Носкова туралы айтты.

Оның ойынын өткен жылы көргенмін, хард төсенішінде тым тәуір табыстарға қол жеткізді. Біз бұған дейін еш уақытта бірге жаттыққан емеспіз, жолымыз да түйісіп көрмепті. Бүгін де ол жақсы ойнады, әсіресе, доп бергенде әбжілдік танытты. Мен өзім доп бергеніме онша риза болған жоқпын. Дегенмен жеңгеніме қуаныштымын.

Сондай-ақ, Е.Рыбакина "Геннаний Головкин секілді қарсыластарын "нокаутка" жіберуі мүмкін бе?" деген сауалға да жауап берген.

Әрине, Геннадийді білемін. Онымен ешқашан кездескен емеспін, дегенмен тамаша спортшы. Бокспен шұғылданып көрмеппін. Бәлкім, жаттығып көру пайдалы болар. Ол да – жылдам қимылды қажет ететін спорт түрі. Теннисте де бокс сияқты өте тез қозғалып, жылдам ойлау керек. Бәлкім, бокспен де айналысып көрермін (күледі).

Елена Рыбакина Теннис Геннадий Головкин

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!