Новости Казахстана28 марта 2023, 1:59

"Екі қызы хиджаппен кетіп бара жатты" - Ақтауда үш баласын өлтірген тұрғынның көршісі пікір білдірді

Ақтауда үш баласын өлтірген тұрғынның көршісі пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

27 шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінде болған оқыс оқиғадан соң көршілері қылмыскер туралы пікір білдірді. Аталған үйдің тұрғыны Ұлсын Ақбергенова сол күні үш баласы ертіп үйіне кіріп бара жатқан ер адамды көрген. 

Сол күні таксиден түсіп, біздің көрші подъезге қарай кетіп бара жатты. Бұл қай жақтың адамы екен деп басымды бұрып қарадым. Басқа ештеңесін көрген жоқпын. Сол күні түс ауа көршілер шулап жатты. Болған жайдан басқа ештеңе білмеймін. Бұрын-соңды бұл жігітті көргенім жоқ. Тіпті сол подъезде тұратын адамдар да білмейді екен. Біреуі  танымайды. Қайғылы оқиға болған күні есік алдынан үш баласымен өтті. Екі қызының басында хиджабы бар, ер баласы соңынан еріп келе жатты, - деді Ұлсын Ақбергенова. 

24 наурыз күні Ақтауда полицейлер үш баласын өлтірген әкені ұстаған болатын. Тексеру кезінде Бейнеу ауданының тумасы пәтерінде кәмелет жасына толмаған үш баласын өлтіргені анықталды.

Өткен жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысында үш баласын асып өлтіріп, соңынан өзіне қол салған оқиға тіркелген болатын.  

 

Адам өлтіру Қылмыс Ақтау Көрші

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!