Екі күннің ішінде іздеуде жүрген 283 қылмыскер ұсталды
«Іздестіру» операциясының екі күнінде іздеуде жүрген 283 қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ,Polisia.kz ресурсы жариялады.
ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлескен «Іздестіру» операциясын жүргізіп, 283 қылмыскерді ұстаған.
Соның ішінде ;
Адам өлтірген — 8;
Денсаулығына ауыр зиян келтірген — 9;
Қарақшылық шабуыл жасаған — 3;
Тонаған — 5.
Елімізден тыс жерде — 20 (Ресейде — 10, Қырғызстанда — 4, Өзбекстанда — 3, Арменияда — 2, Молдова мен Түрікменстанда — 1); Достастық елдерінде — 134 (Ресейде — 78, Өзбекстан — 31 және Қырғызстанда — 18, Тәжікстанда — 2, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Молдова және Түрікменстанда — 1).
Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 62 адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған бала анықталды.
Поделиться
Читать Arbat media в