Досым Сәтбаев Жаңаөзендегі мұнайшылар туралы: "Қазанды жарып жіберген әлеуметтік бумен аяқталады"
Саясаттанушының ойынша Жаңаөзендегі мұнайшылардың алаңға шығуы болжамды әрекет болды. Себебі халықтың билікке өз мәселесін жеткізу жолдары қалмағанын айтты, деп хабарлайды Arbat.media.
Досым Сәтбаев өз пікірін әлеуметтік желіде жазды.
Неліктен бұл қайталануда? Себептер көп. Соның бірі – үкіметтің 30 жыл бойы барлық саладағы тәуелсіз кәсіподақтарды мақсатты түрде жойып, экономиканы олигархтарға, ұлттық компанияларға, квазимемлекеттік құрылымдарға және дәл осы билікке жақын болғандардың бәріне беруімен байланысты, - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оның ойынша одақтары мықты елдерде көптеген мәселелер келіссөз үстелінде шешіледі
Биліктің кәсіподақтар мен БАҚ-тан бастап партияларға дейін көптеген тәуелсіз институттарға дамуға мүмкіндік бермей, жағдайды осылайша бақылауда ұстаймын деп ойлауы - ақымақтық. Бұл тағы да өзін-өзі алдау. Өйткені бәрі ерте ме, кеш пе, тығырықтан шығудың жолын таппай, қазанды жарып жіберген әлеуметтік бумен аяқталады, - деді Сәтбаев.
Еске сала кетейік, 12 сәуір күні таңертең жолды жауып тастағаны үшін ұсталған Жаңаөзен қаласының бір топ азаматы босатылғаны туралы жаздық.