Димаш Құдайбергенге министрліктен төленетін гонорар сомасы айтылды
Еліміздің мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығында Димаш Құдайбергенге бюджет есебінен өтетін мәдени шараларда қанша қаржы төленетіні айтылған, деп хабарлайды Arbat.media.
Аталған бұйрықта Димаш Құдайберген, Жанар Дұғалова, Майра Мұхаммедқызы, Асылбек Еңсепов, Тамара Асар, Zyna502 сияқты орындаушылардың мемлекеттік мәдени іс-шараларда өнер көрсеткені үшін төленетін ражы көлемі жазылған. Оның ішінде Димаш Құдайбергенге төленетін сома 10 млн теңгеден жоғары екені көрсетілген.
- Димаш Құдайберген 10 000 000 теңгеден және одан жоғары,
- Майра Мұхаммедқызы - 3 000 000,
- Әлішер Кәрімов - 1 500 000,
- Асылбек Еңсепов - 1 300 000,
- Zyna502, Medet02, Medet05 - 1 500 000,
- Нұрлан Абдуллин - 1 000 000,
- Жанар Дұғалова - 1 500 000,
- Айгүл Өлкебаева 700 000,
- Тамара Асар - 1 200 000 теңгеден алады.
Сонымен қатар, тиісті қаржының 20%-ы әртістердің қатысуын қамтамасыз ету қызметтеріне жұмсалатын көрінеді.
Поделиться
Читать Arbat media в