Новости Казахстана12 апреля 2023, 21:53

Депутат болған Ардақ Назаров ЛГБТ туралы мәселе көтерді

Мәжілістің сегізінші шақырылымына Алматы облысының бір мандатты сайлау округінен депутаттыққа өткен Ардақ Назаров ЛГБТ өкілдеріне шектеу қоюға қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды Arbat.media.

Біз экономиканы реттейміз, саясатпен айналысамыз деп жүріп, идеология мәселесін естен шығармауыз керек. Мемлекет іргесінің берік болуы, халықтың баянды өмір сүруі үшін ең алдымен дәл осы идеология саласын реттеуіміз қажет.  8 сәуірде Астанада феминистер шеруі өтті. Бұл күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг болады деген. Бірақ, олай болмады, жиналғандар әйел теңдігін айтудан бастап, соңында гомосексуализмді насихаттады. Өрімдей балалар, арасында оқушылар да бар, ЛГБТ жалауын жамылып жүр, - деді А.Назаров. 

Дабыл қаққан депутаттың сөзінше, біржыныстық неке, гомосексуализм, жынысты ауыстыру секілді мәселелер елімізде еркін насихатталып жатыр. Оның артында Батыстың халықаралық ұйымдары тұрған көрінеді. 

Ең сорақысы, гей-пропоганда қазір Астана мен Алматы секілді ірі қалалардың жекеменшік мектептерінде де өте қарқынды насихатталып жатыр. Мұны сондағы оқушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан ашық аңғаруға болады. Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады дейді атам қазақ. Өкінішке қарай, біз сол ауруды қоғамға жұқтырып алдық. Бұл бәлкім идеологияның әлсіздігінен шығар. Енді қанымызға сіңіп кетпей тұрғанда дереу алдын алу шараларын қолға алу қажет, - деді депутат. 

Ардақ Назаров депутаттық сауалынан кейін елдің бәрінің жағасынан ала түсетінін білсе керек. 

Қазір менің осы депутаттық сауалым жарияланысымен-ақ өз қандастарымыз жағамнан алатынын біліп отырмын, «толеранттық», «төзімділік» деген сөздерді қалқан етіп, әлеуметтік желілерде қаралайды. Осындай азаматтарға айтарым: ертең сіздің ұлыңыз келіннің орнына еңгезердей қызтекені үйге ертіп келсе, немесе аялап өсірген қызыңыз еркекшорамен «отау құрып» жатса, толерантты болып батаңызды бересіз бе? Мұндай азғындық өз отбасыңызға келсе төзесіз бе?, - деді А. Назаров. 

Оның айтуынша, ЛГБТ идеологиясы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын тоз-тозын шығаруды көздейді...  Сонымен бірге, ол митингке қатысқан аталған топтың өкілдерінің ата анасынан жауап алынсын дегенді ұсынып отыр. Осылай деген депутат  әлеуметтік желілерде ұлттық мәдениетімізге сәйкес келмейтін фильмдер мен сериалдарды көрсетуге және насихаттауға тыйым салынсын деген мәселені Алтай Көлгіновтің атына жолдады. 

Бұған дейін Ардақ Назаров депутаттық мандатты алысымен журналистердің сауалына жауап бермей, сынға ұшыраған болатын. Кейін оның әрекетіне Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов пікір білдіріп, ескерту берілетінін айтқан еді. 

 

депутат Ардақ Назаров ЛГБТ Депутаттық сауал

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!